Пікір

Газет мақаласы Айқын газеті №90

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауда 70,96 пайыз дауыс жинауы – үлкен жетістік, нәтижелі еңбектің жемісі

Пікір


Kanibek.JPG
Қаныбек ЖҰМАШЕВ,
Nur Otan партиясының хатшысы:


НӘТИЖЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

– Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту мақсатында баршаның игілігі үшін бағдарлама ұсынды. «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты дамудың үш тағанын тірек еткен жобаның болашағы зор деп айтар едім. Бағдарлама аясында, Birge акциясы шеңберінде халықтың жаппай ұсыныс-пікірі жинақталды. Бүгінде 530 мыңға жуық өтініш келіп түсті. 1 500 000-нан астам адам ұсыныс-пікір айтты. Ең бірінші, әлеуметтік мәселелер, әлеуметтік қамсыздандыруға ерекше жағ­дай көңіл бөлінеді. Жастарды жұмыспен қамту, білім саласына байланысты түйткілді мәселелерді шешу жайында ұсыныс көптеп түсті. Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға баспана салу, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, барлық санаттағы мұқтаж адамдарға берілетін әлеуметтік көмектің ауқымы көбейетінін айтқан болатын. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік көмек қолжетімді болады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауда 70,96 пайыз дауыс жинауы – үлкен жетістік, нәтижелі еңбектің жемісі. Аймақтарда білім беру, денсаулық сақтау, өңірлердің ғылыми әлеуетін дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Штаб мүшелері халықпен жүздесуде Елбасы тапсырмаларының ары қарай жалғасатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы – мемлекет­тік қызметте жоғары лауазымдарда ұзақ жылдар жұмыс істеген тәжірибелі саясат­кер. Білім мен ғылым, әлеуметтік, эконо­ми­калық мәселелерді жақсы біледі.

«Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» тұғыр­намасы қолданыстағы бағдарламаларды ары қарай жалғастырады. Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қазіргі бар бағдарлама­ларды тұрғын-үй құрылысының бірыңғай саясатына біріктіру жоспарда бар. Сонымен бірге, жұмыссыздық жойылып, еңбекақы кө­теріледі. Акция аясында айтылған ұсы­ныстар талданып, жүзеге асады.

 

Darxan.JPG
Дархан МЫҢБАЙ,
Мәжіліс депутаты:

 

САБАҚТАСТЫҚ – ДӘСТҮРДІҢ НЕГІЗІ

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы негізін қалаған, даму жолын айқындап берген мемлекетте Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы әділ өтетініне кепілдік берді. Қазақ қоғамы, әлем жұртшылығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетшіл тұлға екеніне тағы да куә болды. Өзгеріс тек қазақ қоғамында ғана емес, әлемде болып жатыр. Әлемдік өзгерістердің барлығы Қазақстанды айналып өтпейтінін бүгінде екінің бірі біліп отыр. Қазақстан көші ілгері, өркениетті елдердің қатарында көрінгеніне шүкір дегеніміз жөн. Сайлау басталғанда ғана емес, мәреге жеткен күні де мемлекетке тиімді ұсыныстардың барлығы ескері­ле­тіндігі, қоғамда диалог орнайтыны белгілі болды. Аузы дуалы ақынның сөзімен айтқанда, халыққа салса да, қалыпқа салса да Nur Otan партиясы өз биігінен көрінді. Қалың жақтастарымен бірге халықтық партия екендігін растады. Ал көпшіліктің қалағаны тереңнен ойлап, жел сөзге ермейтін, барды бағалай білетін елдік дәстүрдегі қалпымызды сақтау болды. Енді партияның барлық жауапты тұлғасына, азаматына үлкен міндеттер жүктелді. Әр сайлаудың өзінің тарихи орны бар. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің тарихында қалады. Бұл сайлаудың басты жетістігі – рухани жаңғыруды қолға алған, экономика­лық жаңғыруды бастаған мелекеттің қа­зақстандық жолымен алға қарай жылжуы. Бұл – өрлеу жолы. Осы жолда атсалысатын әрбір азаматтың үлесі молынан болсын.

 

Cerik.JPG
Серік КӨЖКЕНОВ,
Nur Otan партиясы Стратегиялық бастамалар 
иститутыдиректорының кеңесшісі:


ЕЛ ДАМУЫНЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

– Кезектен тыс президент сайлауы – ел дамуының алтын арқауы болды. Халық дауыс беру арқылы мемлекет тағдырына бейжай қарамайтынын аңғартты. Қазақстан халқы өз дауысымен ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді бағалады.


Отандық және халықаралық бақылаушылардың пікірінше, сайлау әділ, сәтті өтті. Оған біз, әрбіріміз асқан жауапкершілікпен қарадық. Өйткені ел үмітін ақтайтын, болашаққа нық сеніммен қарап, мызғымас ел тыныштығын сақтайтын мемлекет басшысын сайлау – тарихи шешім, жауапты сәт, барлығымыз үшін сындарлы қадам.

Nur Otan партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96% дауыс жинады. Қ.Тоқаев – білімді, жан-жақты, ішкі және сыртқы саясатты толық меңгерген, тәжірибелі саясаткер. Ол өз кезегінде тұрақтылықты және Елбасының стратегиялық бағытын жалғастырып, Қазақстанды ауқымды жаңғыртуға мүмкіндік берді. Оның сайлау алдындағы бағдарламасы әрбір қазақстандық үшін түсінікті болды. Бағдарлама азаматтардың әл-ауқатының деңгейін көтеруге, кірісті ұлғайтуға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Қасым-Жомат Кемелұлы бұқараның үмітін ақтайды, елімізді жаңа жетістіктерге, жаңа белестерге жеткізеді.

Nagripa.JPG

Нағрипа ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ, 
Nur Otan партиясы Стратегиялық бастамалар институты
құқықтық талдау бөлімінің бас сарапшысы:

НАҚТЫ ІСКЕ – НЫҚ ҚАДАМ

– Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенті сайлауының алдын ала қорытындыларын жария етті. Мәліметтерге сәйкес, Касым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 70,96%-ы дауыс беріп, ол айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бұл орайда Қазақстан халқы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктеріне өз дауысымен баға берді. Сонымен қатар Қ.Тоқаев биліктің тұрақтылығын, сабақтастығын және Елбасының Қазақстанды ауқымды жаңғыртуға арналған стратегиялық бағытын жалғастыруды қамтамасыз ететіндігі сөзсіз.

Оның «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» бағдарламасында белгіленген шаралары кең мақсатты аудиторияға бағытталған. Ендігі кезекте, Қасым-Жомарт Кемелұлы осы бағдарламасында көзделген шаралары нақты іс жүзінде жүзеге асырылуы күтілуде. Бұл шаралар халық арасында өзінің кең қолдауын табады және ол азаматтарға, әсіресе, бұған көбірек мұқтаж жандарға, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесуге жұмсалатыны анық.


Bolatbek.JPG

Болатбек ӘБДІРАСЫЛОВ, 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық 
қазақ-түрік университетінің ректоры:
                            

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

– Қазақ елінің басынан Тәуелсіздік таңы мен Тұңғыш Президентін сайлаған кезеңдерден кейін тағы да тарихи сәттер өтуде. Халқымыз болашағын таңдаған сындарлы сайлау нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мырза Қазақстан Республикасын басқару тізгінін өз қолына алып жатыр. Тәуелсіздік жылдарындағы жас мемлекеттің қалыптасу, өсу, өркендеу кезеңдерінің бүкіл сатысынан өткен Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекет басқару ісінде кездейсоқ саясаткер емес. Әбден сыналған, басқару мен шешім шығару дағдыларын әлемдік деңгей тәжірибесінен үйренген тұлғаны елі сайлау нәтижесі арқылы таңдап алды. Мемлекет басшысының сара жолына көз салар болсақ, біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі БҰҰ деңгейінде жоғары бағаланғанын білеміз. Осы жаһандық құрылымда ол Бас хатшының орынбасары ретінде қызмет етті. Дипломатиялық жетістіктерімен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибе жинады. Дипломатиялық кәсіптің түрлі дағдысын меңгерген Қасым-Жомарт Кемелұлының тілдерді игеру машығы мен ұлтының рухани құндылықтарына деген құрметі ерекше.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Біздің ендігі міндетіміз – қолдағы барымызды қадірлеп, жетістіктерімізді сақтап, өрлеу мен жасампаздық жолында болашаққа батыл қадам басу», – деді. Президентіміздің халқымызға қызмет ету ісіндегі жоғары білігіне, мол тәжірибесіне, халықаралақ аренадағы беделіне сенеміз. Еліміздің өркендеу жолында әділдікті ту етіп, мықты саясаткер екенін танытатынына кәміл сенеміз. Бұл – Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңа белестерді бағындыруына мүмкіндік береді.

Алда мемлекетімізді өрлеу жолында жаңа белестер күтіп тұр. Ол жолда тек қана әділдік, шынайылық салтанат құруы тиіс.