Нұрлан ОРАЗАЛИН: Дипломатия ішкі саясатта да керек

Газет мақаласы Айқын газеті №91

Жаңа президентіміз Қазақстан халқы­на осы уақытқа дейін айтып келе жатқан бағдар­ла­масы мен бағы­ты­на қатысты сауал­дарға мар­дым­­ды әрі тұшым­ды жауап берді

Нұрлан ОРАЗАЛИН: Дипломатия ішкі саясатта да керек

– Бүгін президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлының ұлықтау рәсіміне қатыстыңыз. Айтулы шарадан қандай әсер алдыңыз?

– Халықтың көптен күткен сәті мәресіне жетті. Қазақстан Республикасының жаңа прези­ден­ті – Қасым-Жомарт Кемел­ұлы­­ның ұлықтау рәсімі салта­нат­ты жағдайда өтті. Қоғам талабына сай, шынайы өткен жиындардың бірі болды. Жаңа президентіміз Қазақстан халқы­на осы уақытқа дейін айтып келе жатқан бағдар­ла­масы мен бағы­ты­на қатысты сауал­дарға мар­дым­­ды әрі тұшым­ды жауап берді. Халық көкейінде жүрген мәсе­ле­ні қозғап, ел мүд­де­­сін аянбай қор­ғайтынын айт­ты.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның кәсіби біліктілігі мен саяси сал­мағын қалай бағалайсыз?

– Қасым-Жомарт Кемелұлын бұрыннан танимын. Ол – еңбекқор, үнемі халық арасында жүретін зиялы тұлға. Нағыз көш бастауға лайық мінез-қалыбы бар адам. Халыққа жақындығы, олардың мақсат-мүддесін тың­дап, мәселесін шешуге тыры­сатыны тағы бар. Екінші прези­ден­тіміздің «сөзден нақты іске көшу керек» дегені көпшілік көңілінен шықты. Елдің санасын цифрмен алдаусырата бермей, әлеуметтік-саяси және рухани салада атқарылатын шаралардың нақты нәтижесін көрсету аса маңызды. Қасым-Жомарт Кемел­ұлы жұмысында осындай әдісті басшылыққа алғалы отыр. Ол жемқорлыққа қарсы күресті күшей­тінін, бұл мәселенің түйі­нін тарқату үшін қыркүйек айы­на дейін Парламентке нақты тапсырмалар жүктейтінін айтып, ерекше үміт сыйлады.

– Қазақстанның жаңа прези­денті басшылыққа алған саясат­тан не күтесіз?

– Мен жаңа президент жүргізетін саясат елді өр­леу мен даму жолына бас­тайды деп сенемін. Өйткені Қасым-Жомарт Кемелұ­лы – үл­кен саяси мектептен өтіп, халықа­ра­лық дипломатияның шыңын бағындырған тұлға. Қазір «дипло­ма­тия» сөзін тек сырт­қы саясатқа қатыс­ты қолда­нып жүр. Шын мәнінде, ішкі саясатта да дипло­ма­тия керек. Бір әулеттің ішінде аласы мен қарасы бар десек, дип­ло­матия осы екі тарап­ты да тың­дап, өзара келісімге шақы­ра­тын дұ­рыс шешім қабыл­дауды біл­ді­ре­ді. Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның жоғары лауазымды қыз­меттерде жүріп жиған тәжіри­бе­сі Елбасы негі­зін сал­ған жолды жалғауда оған үлкен көмек болады деп ойлаймын.