Үздіктер тұрақты жұмысқа орналасады

Газет мақаласы "Айқын" газеті №93

«Самұрық-Қазына» компаниясының «Цифрлы жаз» тағылымдамасы басталды. IT мамандарға арналған үш айлық бағдарламасының қорытындысы бойынша үздік үміткерлер тұрақты жұмысқа орналасады.

Үздіктер  тұрақты жұмысқа орналасады

Бұл бағдарлама Жастар жылы аясында Қазақстан жас­та­рын қолдауға арналған «Жас Самұрық» жобасының қолдауы­мен жүзеге асуда. Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қордың компаниялар тобына жас мамандарды ірік­теу­ге мүмкіндік берген «Цифр­лы жаз – 2018» бағдарламасына оң бағасын берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ цифр­­­ландыру және трансфор­ма­циялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев­тың айтуынша, байқауға 1 500-ден астам үміткер қаты­сып, оның 78-і ғана жеңімпаз атан­ған.

– Биыл бағдарламаның шарттары неғұрлым қатал болғанына қарамастан, жас мамандар біліктілігін көрсетті. Ақпараттық технология сала­сын дамуға ерекше құлшынысы жоғары екені қуантады. Ынталы жастардың талпынысы ерекше. Бізге дәл қазіргі кезде ІТ сала­сын жетік меңгерген мамандар керек. Байқауға 1 500-ден астам үміт­кер қатысуға өтініш білдір­ді. Оның 78-і төрт іріктеу кезеңі­нен де өтті. Тағылым­да­мада үміт­керлер елдегі ең үздік IT маман­дардан практикалық тәжіри­бе алады», – деді Дәурен Керейбаев.

Биыл былтырмен салыс­тыр­ғанда үш есе көп үміткер қатыс­қан. Атап айтқанда, былтыр 500-ден астам үміткердің 33-і же­ңім­паз болып, жұмысқа ор­на­­ласқан. Бағдарламаның жаңа шартына сәйкес, бакала­вриат­тың 3-4-курс студенттері және 1-2-курс магистранттары қаты­са алады. Қатысушылар онлайн IT тест, IT мамандығының бағыт­ы бойынша және қабі­лет­тілікті тексеретін тапсырманы орын­дайды. Биыл Назарбаев университеті, Л.Гумилев атын­да­ғы ЕҰУ, Халықаралық ақпа­рат­тық технологиялар уни­вер­ситеті, Қазақстан-Британ тех­ни­­калық университеті және С.Демирел атындағы универ­си­те­ті­нен қатысқандар жеңімпаз атанды.

Ерекше айтар жайт, биыл тағылымдамадан өтетіндерге еңбекақы төленеді. Сондай-ақ, үміткерлер отандық және әлем­дік SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei, Kaspersky, QazClaud, Astana Hub компа­ния­­ларында практикалық тәжіри­беден өтеді.

«Самұрық-Қазына», «Қазақ­­стан темір жолы» ҰК», KEGOC, «Қазпошта», «Қаз­Транс­Газ Аймақ», «ҚазТранс­Газ», «Кселл», «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Самұрық-Энерго», «Эйр Аста­на», «Қазақтелеком», «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК», QazCloud компанияларынан тағы­лым­­­дамадан өткендерді ІТ салада алты ба­ғыт та жұмысқа орналас­ты­рады.