Ғани Нығыметов басшылық қызметке тағайындалды

Ақорданың хабарлауынша, Ғани Сақтағанов жаңа қызметке тағайындалды.

Ғани Нығыметов басшылық қызметке тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды

Мемлекет басшысы Ғани Сақтағанұлы Нығыметовті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындады. Бұған дейін 2018 жылдың наурыз айынан бастап Президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

 Ол Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ды халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген (2005); 

Монтерей халықаралық зерттеу институты («Болашақ» бағдарламасының стипендиаты), 

Монтерей, Калифорния, АҚШ, мемлекеттік басқару магистрі (2007); 

Назарбаев университеті және Дьюк университеті (АҚШ), 

Жоғары бизнес мектебі Астана қаласы, іскерлік әкімшілендіру магистрі (2014); 

Колумбия университетінде білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылы БҰҰ Даму бағдарламасы ТҚҚ ДБ штаб пәтерінде тағылымдамадан өтуші болып бастаған.

ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаменті жобасының менеджері (2007-2009); 

«Назарбаев университеті» халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2009-2012); 

Назарбаев университеті «Энергетикалық зерттеу орталығы» бас директорының орынбасары (01.2012-11.2012 «Nazarbayev University Research and Innovation System» (Chief Business Development Officer) бизнесті дамыту жөніндегі бас директор (2012-2013); 

ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (2013-2016); 

«Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры қызметтерін атқарған.

www.akorda.kz