Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте Қытайға барады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте Қытайға барады
Фото: Интернеттен алынды

Ақорданың мәліметінше, Шахрат Нұрышев Мемлекет басшысына оның биылғы 11-12 қыркүйекке жоспарланған Қытайға сапарына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді. Президент Бейжіңде өтетін алдағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтіп, елшіге бірқатар нақты тапсырма берді.