Жаңаөзенде әкім ауысты

Мақсат Ибағаров Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңаөзенде әкім ауысты
© сурет ашық интернет көздерінен

Қаланың жаңа басшысын облыс әкімі Серікбай Тұрымов таныстырған. Бұрын бұл қызметте Әділбек Дауылбаев отырған еді.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Жаңаөзен қаласында жүздеген адам қала әкімдігі ғимаратының жанында жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру талабы бойынша жиналды. Бұдан өзге, жиналғандар Қытай кәсіпорындарының ашылуына қарсы екендерін жеткізген.

3 қыркүейек күні Жаңаөзенде адамдар қайтадан алаңға шығып, олармен кездесуге Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов пен қаланың сол кездегі әкімі Әділбек Дауылбайып барып, сөйлескенін жазғанбыз.