Елбасы Ресейге барады

Газет мақаласы "Айқын" газеті №137

6-7 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Елбасы Ресейге барады

«Сапар барысында Елбасы Ресей президенті В.Путинмен кездеседі, ХШЖК-дегі (ВДНХ) «Қазақстан» ұлттық павильонына барады және Мәскеу қаласының күніне арналған мерекелік шараларға қатысады» деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы.