Жоғары экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр

Армения астанасы Ереванда Жоғары экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Арменияның Премьер-министрі Николай Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысуда. ЕАЭО мүше-мемлекеттердің көшбасшыларынан басқа отырысқа Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон Одақ жанындағы бақылаушы-мемлекет басшысы ретінде, сондай-ақ құрметті қонақтар – Иран президенті Хасан Рухани және Сингапурдың Премьер-министрі Ли Сянь Лун шақырылған.

Жоғары экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр
Мемлекет басшылары ЕАЭО дамуының өзекті мәселелерін, Одақ шеңберіндегі мемлекетаралық ынтымақтастықтың басымдыққа ие мәселелерін қарайды, ұйым жұмысының аралық қорытындыларын шығара отырып, алдағы жылдардағы интеграциялық өзара іс-қимылдың перспективалары туралы пікір алмасады.
Отырыс барысында сондай-ақ, Иранмен еркін сауда аймағы мәселесі талқыланады. Жиында одақтың алдағы жылға арналған бюджеті, Көлік және энергетика саласындағы заңнаманы үйлестіру бойынша бірқатар шешімдер, сондай-ақ ЕАЭО-ның ортақ Қаржы нарығын және оның негізгі бағыттарын қалыптастыру тұжырымдамасы бекітілмек. Осының нәтижесінде 2025 жылға қарай Алматы қаласында ұлттықтан жоғары орган құрылмақ. ЖЕЭК отырысының күн тәртібінің басты тармағы – ЕАЭО мен Сингапур арасындағы еркін сауда айналымы туралы Келісім. Бұл құжат ЕАЭО елдері үшін 600 млн адам халқы бар АСЕАН-ға жол ашады.