Нұрсұлтан Назарбаев «қос билік» жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

Нұрсұлтан Назарбаев «қос билік» жайлы қауесетке қатысты  пікір білдірді

«Елбасы «Хабар» телеарнасына сұхбат берді. Әңгіме арасында Нұрсұлтан Назарбаев «қос билік» жайлы сыбысқа қатысты пікір білдіріп, ел Президенті өкілеттігін тапсыру себептерін атады»,– деп жазды Айдос Үкібай.

А.Үкібайдың жазуынша, сұхбат «Хабар» арнасының эфирінен ертең, кешкі сағат 21:30-да беріледі.