Саяси додаға жеті кандидат шығады
Қазақстан Президентінің сайлауына жеті кандидат қатысатын болды. Орталық сайлау комиссиясы кеше үш үміткерді кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде ресми түрде тіркеп, кандидат куәлігін тапсырды. Бұған дейін төрт үміткер кандидат куәлігін алған-ды.
Үміткерлер тіркелуде
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Амангелді Таспиховты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданды.
Алғашқы үміткер тіркелді
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы­ның отырысы өтіп, онда алдағы Президент сайла­уын­да Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партия­сынан Қазақстан Республи­касының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды. Іс-шараға Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев және басқа да бірқатар саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Ел тұтастығын қорғау – қасиетті парыз
Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына барды.

Тұңғыш Президент ғалымдармен кездесті
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Серік Қирабаевты қабылдады. Елбасы әдебиеттанушы-ғалыммен әңгіме барысында  төл әдебиетіміздің қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талқылады.
Президентікке үміткер 13 сөйлемде 19 қате жіберген
Қазақстан Президенттігіне үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілден тапсырған емтиханнан сүрінді. Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия 13 сөйлемнен 19 қате жіберген кандидатқа мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген баға берді.  
Тоқаев – бірінші кандидат
Орталық сайлау комиссиясының отырысында кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді.
«Аманат» ұйымы құрылды
9 маусымға белгіленген кезектен тыс президент сайлауының ашық әрі әділ өтуін қадағалайтын «Аманат» азаматтық алаңы құрылды. Қоғам белсенді­лері, сарапшылар мен журналистерден құрылған топ сайлау науқанында кандидаттар теңдігі бұзыл­мауын қадағалап, сайлау күні дауыс берушілер құқы­ғы сақталғанын бақылайды. «Аманат» азаматтық алаңы­ның өкілдері баспасөз конференциясында өз жұмыстарының бағыты мен негізгі мақсаттарын түсіндірді.
Әңгіме өзегі – президенттік сайлау
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Қазақ­стандағы 2019 жылғы сай­лау: ішкі және сыртқы сая­сат­тың үздіксіздігі мен тұ­рақ­тылығы» тақырыбында са­рапшылар пікірталасы өтті.
Үш биге ескерткіш қойылады
Бірлік болған жерде берік елдік те, ауқатты тірлік те болады. Елордадағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өткен мерекелік шараларға қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан-дықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Беттер: Бұрынғы 1 ... 29 30 31 32 33 Келесі