Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққан 716 науқас емделіп жатыр

Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққан 716 науқас емделіп жатыр

Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Аймақта коронавирустың таралу қарқыны Атырау қаласы мен Теңіз кенішінде көбейді. Өңірде өткен тәулікте 51 адамнан коронавирус анықталды.

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында Атырау қаласынан 12 науқас бар. Теңіз кенішінде 32 жұмысшы қауіпті вирус жұқтырды. Жылыой ауданынан – 2, Қызылқоға – 3, Мақат ауданында 2 адамнан коронавирус анықталды.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 39 науқас емделіп шыққан. 238 адам үйде ем қабылдап жатыр.

Облыстық инфекциялық стационарда – 103, аудандардағы стационарда – 34, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 716 адам емделіп жатыр.