5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде аяз болады. Жауын-шашын болмайды.

Тек еліміздің солтүстік-батысында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысы аумағында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді. Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан, Алматы облысында қатты аяз болады.