7 қаңтар күні астанада қоғамдық көлік жүре ме?

7 қаңтар күні астанада қоғамдық көлік жүре ме?

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, мереке күні автобустар жүреді.

«Жаңажылдық демалыс аяқталды. Алда Рождество мерекесіне орай тағы бір күн демалыс болады. Алайда қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмысын жалғастырады. 7 қаңтарда автобустар жүреді. Жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді» делінген хабарламасында.

Бұған дейін қаңтар айындағы мереке күндері сауда орталықтарының жұмыс тәртібі туралы жазған болатынбыз.