Бейнебақылау камерасына иттер мен қасқырлар арасындағы төбелес түсіп қалды.
Бұл жағдай Ресейдің Архангельск облысындағы Ненокс ауылында орын алған. Видео YouTube-тың ArchSvoboda арнасында жарияланды. Онда видео автор соңғы кезде қасқырлардың есіріп, ауыл ішіне кіріп, еркінсіп жүргенін жазды.https://youtu.be/AY-ocoiGf1c
Видеодан аулада жүрген екі итке бір топ қасқыр шабуыл жасағанын көруге болады.