Nur Otan: Егістік жерлерді дұрыс пайдалануды қадағалайды

Nur Otan: Егістік жерлерді дұрыс пайдалануды қадағалайды

Кездесу барысында үміткерлер сайлаушыларға Nur Otan партиясы Казталов аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталып өтті.

Қараоба ауылына қатысты жоспарлы жұмыстар туралы айтты. Мәселен, Қошанкөл-Қараоба бағытындағы жолдарды жөндеу, Қараоба аулындағы медициналық амбулатория мен Еңбек ауылындағы медициналық пункт күрделі жөндеуден өткізіледі.   Ауылшаруашылық саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Мұнымен қоса қараобалықтар үміткерлерге өзекті сауалдарын қойды. Ұсыныс-пікірлерін айтты. Дәлірек айтсақ, округ тұрғындары ауылға техникалық су тарту, мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді дұрыс пайдалану мәселерін ортаға салды. Кездесу соңында үміткерлер ауыл тұрғындарын 10 қаңтар күні сайлауға келіп, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды. Кездесу барысында барлық санитарлық талаптар сақталды.

Асылбек НӘСІПҚАЛИ 

Тапсырыс беруші: Ерболат Мұратқалиұлы Бекмулдин. Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.