Қарағандыда ер адамды ұрып өлтірді

Қарағандыда ер адамды ұрып өлтірді

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

35 жастағы ер адамның денесі орталық базардағы контейнердің ішінен табылды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Куәгерлердің айтуымен базар маңынан 37 жастағы ер адам ұсталды.

Ол екеуара жанжалдасып, 35 жастағы ер адамды соққыға жыққанын айтқан.

Таяқ жеген адам сол жерде тіл тартпай кеткен. Тергеу басталды.