Соңғы тәулікте 105 жаңа жағдай анықталды. Қазіргі уақытта сауығып шыққандар – 17 638 адам. Бұл жұқтырған барлық жағдайлардың 90% құрайды.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, коронавируспен күресуге бағытталған уақтылы қабылданған шешімдер өз нәтижесін беруде. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі азайды. Бүгінде 1 261 төсек жұмыс істейді. Бұл ретте жалпы санының 68%-ы немесе 5 145 төсек-орын резервте тұр. Қазіргі уақытта тәулігіне орта есеппен 40-тан 50-ге дейін пациент ауруханаға жатқызылады. Пандемия кезеңінде коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны – 389 адам, өлім-жітім көрсеткіші 1 000 адамға шаққанда 0,2%-ды құрады. Алматы өңірлер бөлінісінде Нұр-Сұлтан, Батыс, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейін 5-ші орын алады. Қатысушылардың орташа жасы – 65-80 жас. Қазіргі таңда реанимация бөлімшелері 50% жұмыс істейді. Бастапқы саны 80 реанимациялық төсек-орын болса, оларды 110-ға дейін арттыруға тура келді. Айта кету керек, инфекцияланған КВИ арасында көптеген қатар жүретін аурулары бар науқастар саны айтарлықтай өсті. Әр ауру үшін 4-5 ауыр асқынған патологиялары болады. Олардың өршуі өлімге әкелуі мүмкін.Ол бүгінде науқастарды ковидті клиникаларға жатқызу қатаң түрде Жедел медициналық жәрдем қызметі арқылы жүзеге асырылатынын еске салды. Жедел жәрдем жұмысында жүктеменің төмендеуі байқалады. КВИ және пневмониямен ауыратындар саны 69%-ға азайды. Егер 2020 жылы 15 маусым мен 5 шілде аралығында Алматы қаласында ең жоғары көрсеткіш тәулігіне 8 000 өтініш, 5 000 қоңырау болса, бүгінде 2 500 өтініш, 1 700 қоңырау түсті.«Сондықтан қала тұрғындарынан үйден сирек шығуды, адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, өзін-өзі емдеумен айналыспауды және алғашқы белгілері болған кезде білікті медициналық көмекке жүгінуді сұрағым келеді», – деп атап өтті Н.Табынбаев.