Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орынға шықты, – деп хабарлайды THE BEEL. Оның байлығының күрт артуына Tesla акцияларының құнының артуы себеп болды. Бейсенбі күні компания акциялары 4,8% -ға өсті. Осылайша, Масктың байлығы қазір 185 миллиард доллардан асады. Ол Джефф Безосты Bloomberg-тің рейтингінде бірінші орыннан шығарып тастады. Forbes журналының тізімінде Маск екінші орында тұр. Илон Масктың былтырғы жылы байлығы 27 миллиард долларды құраған еді.