Өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

7 қаңтар күні кешкісін Талдықорғандағы «Жетісу» ықшамауданында №27 үйдің 4-қабатындағы пәтерде газ жарылды. Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар көрші пәтерден автосаты көмегімен екі ересек адамды құтқарды. Сондай-ақ 30 адамды, оның ішінде төрт баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрт шыққан пәтерде 1954 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт 36 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт шыққан пәтер мен кіреберістің терезелері сынған. Көппәтерлі үйде орталықтандырылған газ болса да, от 25 литрлік газ баллонынан тұтанған деген болжам бар.

Өрт себебі анықталып жатыр.