Шымкентте газ баллоны жарылып, үйдің қабырғасы құлады

Шымкентте газ баллоны жарылып, үйдің қабырғасы құлады

Кеше таңғы сағат 06:20 кезінде «Жұлдыз» ықшамауданында Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде сыйымдылығы 50 литрлік газ баллоны жарылды.

Жарылыстан үйдің қабырғасы құлады. Жалпы ауданы 144 шаршы метр үйдің 30 шаршы метр аумағы жарылыстан қирап қалды. 6 қаңтар кешкісін үй иесі қауіпсіздік техникасын сақтамай баллонды газбен толық толтырып, оны үйдің ішіне кіргізген. Түнде газдың иісін сезіп, үй иесі газды тексеруге оянған. Жарықты жаққанда жарылыс болған. Жарылыстан1985 жылы туған әйел зардап шекті. Оның екі қолы, аяғы мен бетінің 23%-ін күйік шалған. 2006 жылы туған үй иесінің қызы да ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаның мән-жайын мамандар тексеріп жатыр.