Атырауда көлігімен ит сүйреген жүргізуші ұсталды

Атырауда көлігімен ит сүйреген жүргізуші ұсталды

Оқыс оқиға Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында болғаны анықталды.

Әлеуметтік желіде итті сүйреген көлік туралы видео тарады.

https://youtu.be/LIGXJ5RJoOw

Полиция департаментінің мәліметінше, итті сүйреген Атырау қаласында тұратын автокөлік жүргізушісі ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 316-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.