Бұл туралы Арман Қырықбаев Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Еліміздің батыс өңірлеріне жасаған сапарымыз бүгін Ақтөбе облысында жалғасын тапты. Бұл жақта да үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысын пысықтап, партияластарымызбен жүздестік. Кездесу барысында жастармен, штаб мүшелерімен, партиялық бақылаушылармен әңгімелесіп, келе жатқан саяси науқан төңірегінде ой бөлістік. «Есіктен-есікке» акциясын атқарып, азаматтарды үйме-үй аралап жүрген жас белсенділердің айтуынша, шамамен тұрғындардың 80-85%-і Nur Otan-ның ел үшін атқарып жатқан игі бастамаларынан хабардар.