ХХ ғасыр әлем және ұлт тарихында революцияларға, соғыстарға, ашаршылыққа, күрделі саяси өзгерістерге толы дәуір болды. Сондай заманның соңында егемендікке қол жеткізген Қазақстанның Тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толып отыр. Адамзат тарихындағы ірі империя, мемлекеттердің ғұмыр жасымен салыстырсақ, 30 жыл қас-қағым сәт. Алайда азат өткен бұл 30 жыл Кеңес елінің құрамында тағдыры қыл үстінде тұрған қазаққа қайта түлеуге, өрлеуге мүмкіндік берген Тәңір сыйына айналды. Осы мерзімде егемен ел ретінде біз не істей алдық, неге қол жеткіздік? Жауапты ой елегінен өткізсек.
Бұдан бөлек, егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап жырақта қалған қандастар елге орала бастады. 30 жылда 1 миллионға жуық қазақ өзінің тарихи Отанына қайтып, Қазақстан азаматы атанды. Ресей патшалығы, Кеңес Одағы құрамында тар жол, тайғақ кешуді басынан кешіріп, физикалық жойылудың алдында тұрған халықтың саны азаттыққа қол жеткізген соң өткен 30 жылда осылай еселене артты. Мәселе тек халық демографиясында ғана емес, сондай-ақ ұлтпен бірге өмір сүретін тіл, дін, діл, салт-дәстүрдің қайта жандануына мүмкіндік туды. Бұл – азат 30 жылдың жемісі. Нарық экономикасы қалыптасты. Бүгінгі капиталистік көзқараспен бағамдасақ, нарық экономикасына өту еліміз үшін қалыпты, заңды үрдіс секілді көрінеді. Алайда кеңестік жоспарлы экономикамен тіршілік еткен аграрлы, табиғи байлықты өндіруге негізделген елді 10 жылда нарықтық экономикалы мемлекет деп жариялау үлкен реформаларды талап етті. Төл валюта – теңгені енгізу, тәуелсіз несие-ақша саясатын жүргізу, экспорт және импорт үшін шекараны ашу, шетелдік және отандық инвестициялардың, капиталдың еркін қозғалуына жағдай жасау, жеке кәсіпкерлікті қолдау алғашқы декадада белсенді жүзеге аса бастады. 2002 жылы наурыз айында АҚШ Қазақстанды нарық экономикасы қалыптасқан мемлекет деп таныды. Бұл жас елдің имиджі, инвестициялық тартымдылығы үшін маңызды еді. 70 жыл ескі ережемен ғұмыр кешкен қоғамды қысқа мерзімде капитализмнің талаптарына сай өзгерту оңайға түспегені белгілі. Нарық реформалары тиімді іске асу үшін заң қабылдап, бюджеттен қаражат бөлу жеткіліксіз еді. Бастысы, кешегі социалистік шинелден шыққан қоғамның санасын ақырындап өзгерту қажет болды. Әсіресе, үкімет асырайды, үкімет нансыз қалдырмайды, үкімет жұмыс тауып береді деген түсінікпен өскен бірнеше ұрпақты «әркім өзі үшін» деген ұстанымдағы базар экономикасына көшіру халыққа қиынға түсті. Дегенмен мұнай-газ экспортынан түскен қаражат, шетелдік инвестиция, қайта жанданған өндіріс, жаңадан қалыптаса бастаған қызмет көрсету (сервис) саласы, жұрттың Қытай мен Түркиядан тасып, базарда сатқан тауар кәсібі нарық экономикасына жан бітірді. Кейін ашылған жаңа компания, корпорация, банк, қаржы ұйымдары экономиканы жаңа кәсіби деңгейге шығарды. Әрине, осыншама реформа нәтижесіз қалмады. Мәселен, Қазақстанның ЖІӨ 1993 жылы 23 млрд доллар болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 180 млрд долларға жетті. Дегенмен биыл коронавирус пандемиясы тудырған дағдарыстың салдарынан ЖІӨ 166 млрд доллар болуы мүмкін. Бастысы, өткен 30 жылда тәуелсіз нарық экономикасы қалыптасты және 1998, 2008 және 2020 жылдардағы қаржы-экономикалық дағдарыстарға төтеп берді. Ядролық қару мен полигоннан азат болдық. Қазақ халқының қасіретіне айналған Семей ядролық полигонын жабу, ел армиясында тұрған ядролық арсеналдан ерекше шарттар негізінде бас тарту бостандық құқығын қолданудың көрінісі еді. Неге? Себебі 18 млн гектар жерді алып жатқан полигонда 1949-1991 жылдар аралығында 456 ядролық және термоядролық жарылыс жасалды. Ядролық жарылыс қоршаған орта мен жергілікті халық үшін аса қауіпті екені тек 1953 жылдан кейін ғана айтыла бастады. Уақыт өте аймақта кесел түрлері жиі тіркеле бастады. Әсіресе, өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісік көбейді. Жарылыстан туған радиация адамның гендік кодын өзгеріске ұшырата алатын еді. Осы себепті полигон маңындағы халық арасында кемтарлығы бар сәбилер туыла бастады. Жалпы саны 1,5 миллион адам зардап шекті. Бұл Мәскеуге бодан болған халық үшін ауыр сынақ әрі азап еді. Халықта жарылыстарды тоқтатуға ерік те, билік те болмады. Дегенмен тәуелсіздік күндері жақындаған тұста, яғни 1991 жылы 28 тамызда полигон Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен жабылды. Бұл – еркіндіктің жемісі. 1991 жылы Қазақстан КСРО-дан үлкен ядролық арсеналды мұра етіп алды. Сол кезде территориямызда 104 құрлықаралық баллистикалық СС-18 («Сатана») зымырандары орналасты. Оларға 1 400 ядролық оқ тұмсық орнатылған еді. Ал аэродромдарымызда 370 қанатты ядролық зымырандары бар 40 стратегиялық бомбалаушы ТУ-95 МС ұшақтары болды. Бұл қару Францияның, Ұлыбританияның және Қытайдың ядролық күштерін қоса алғандағы әлеуеттен артық болатын.Ресей патшалығы, Кеңес Одағы құрамында тар жол, тайғақ кешуді басынан кешіріп, физикалық жойылудың алдында тұрған халықтың саны азаттыққа қол жеткізген соң өткен 30 жылда осылай еселене артты. Мәселе тек халық демографиясында ғана емес, сондай-ақ ұлтпен бірге өмір сүретін тіл, дін, діл, салт-дәстүрдің қайта жандануына мүмкіндік туды. Бұл – азат 30 жылдың жемісі.
Қару тек қорғаныс құралы ғана емес, шабуылдауға таптырмас ресурс. Ал ертең бұл қару кімнің қолына түсері белгісіз. Оған қоса, ядролық арсенал бейбітшіл Қазақстанның ұстанымына сай келмеді. Ертең шетелдік инвестицияларды тарту барысында да ядролық мәртебе кедергі болуы әбден мүмкін еді. Осы себепті Елбасы кезең-кезеңімен ядролық қаруды бөлшектеп, Ресейге жіберу туралы шешім қабылдады. Мемлекеттілік орнады. «Елу жылда – ел жаңа» дейді қазақ. Өткен 30 жылға бүгіннің биігінен көз салсақ, ежелгі Дешті Қыпшақ даласында ғұмыр кешкен талай хандықтар мен ордалардың тікелей мұрагері Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бері мемлекет ретінде толық қалыптасып бітті. Шекарасы белгіленді, ресми рәміздері бекітілді, жері бүтін, халық саны артып келеді, армиясы бекем, экономикасы орнықты. Бұл толыққанды мемлекеттің базалық белгілері. Сондай-ақ Қазақстанда заманауи мемлекеттің институттары да мүлтіксіз қызмет етіп келеді. Тұрақты Үкімет, Парламент, судьялар корпусы, тәртіп сақшылары, жергілікті әкімшілік билік өкілдері өз міндетін Конституцияға сай атқарып отыр. Ал қоғам билік бекіткен заңдар мен ережелерге бағынады. Яғни, құқықтық мемлекет қалыптасты. 2019 жылы Елбасы Н.Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін тоқтатқан соң да саяси, экономикалық, әскери, басқа да жүйелер қалтқысыз жұмыс істеді. Саяси дағдарыс орнамады. Мемлекеттік институттар білгенінен жаңылмады. Ал былтырғы коронавирус пандемиясы қоғамдық өмірге тұсау болғанда да әкімшілік, саяси институттар міндетін атқара берді. Бұл 30 жылда мемлекеттіліктің толық орнағанын дәлелдеді.Жалпы саны 1,5 миллион адам зардап шекті. Бұл Мәскеуге бодан болған халық үшін ауыр сынақ әрі азап еді. Халықта жарылыстарды тоқтатуға ерік те, билік те болмады. Дегенмен тәуелсіздік күндері жақындаған тұста, яғни 1991 жылы 28 тамызда полигон Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен жабылды. Бұл – еркіндіктің жемісі.