Мадрид қар құрсауында қалды

Мадрид қар құрсауында қалды

Испанияның мемлекеттік метерология агенттігі сенбі күні елдің көптеген провинцияларында ескерту жариялады.

Кейбірінде тіпті ауа райының қауіптілігі ең жоғары – қызыл дәрежеге дейін көтерілген. Көріну мен ұшу-қону жолағының жағдайы нашарлағандықтан халықаралық Мадрид-Барахас әуежайының жұмысы тоқтатылып, 27 рейс кейінге шегерілді. Мемлекеттік әуежайлар басқармасы (AENA) сенбі күні Twitter-де қауіпсіздік мақсатында Барахастың да жұмысы тоқтатылғанын хабарлады. Табиғат апаты салдарынан бірнеше бағыттағы теміржол қозғалысы бұзылды. Астана мэриясы ауа райының қолайсыздығына байланысты автобустардың жүрмейтінін мәлімдеді. Мадридтегі қардың қалыңдығы бір күн ішінде 20 см-ден асып кетуі мүмкін. Кейбір елді мекендерде сабақ тоқтатылған.