Сайлаушылар 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр

Сайлаушылар 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов хабарлады.

Еліміз бойынша Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Сонымен қатар 12 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 12 учаскеде дауыс беру басталды. Жалпы, 10 060 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде, 66 сайлау учаскесі 53 шет мемлекеттегі өкілдіктер жанында жұмыс істеп жатыр. Асылбек Смағұловтың айтуынша, Сайлау туралы заңға сәйкес, аймақтағы сайлау комиссияларының шешімімен 47 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталды.

Ал уақыт айырмашылығына байланысты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-деред.) басталады.