Тергеу изоляторында қамауда отырған 5 мыңдай адам дауыс береді

Тергеу изоляторында қамауда отырған 5 мыңдай адам дауыс береді

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

Сайлау туралы заңға сәйкес, тергеу изоляторларында ұсталатын, сот үкімі заңды күшіне енбеген азаматтардың сайлауда дауыс беруге құқы бар.

16 тергеу изоляторында жабық сайлау учаскесі бар. Онда 5 мыңнан астам адам сайлауға қатысып жатыр.

Сайлау процесі өтетін орындарда тиісті бақылау, күзет және қадағалау қамтамасыз етілген. Жабық сайлау учаскелеріне кіру тергеу изоляторларының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге және Сайлау туралы заңға сәйкес жүргізіліп жатыр.