"Халық отбасымен келіп дауыс беріп жатыр" – Оңайгүл Тұржан, тәуелсіз бақылаушы

"Халық отбасымен келіп дауыс беріп жатыр" – Оңайгүл Тұржан, тәуелсіз бақылаушы

– Сайлауға тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысып отырғаным бірінші рет. Нұр-Сұлтан қаласындағы №112 сайлау учаскесіндеміз. Іштегі жағдайға келсек, бәрі ережеге сай, тәртіппен өтіп жатыр. Қазір түске қарай адам саны көбейді. Әсіресе, жастар көптеп келіп жатыр. Байқағаным, олар әрі белсенді екен. Үлкен кісілердің отбасымен түгел бірге келіп жатқанын көріп отырмыз. Жаңа бір әжей немересімен қолтықтасып келді. Немересі қай кабинаға кіру керегін түсіндіріп, жол көрсетіп, ізеттілік танытып жатыр. Санитарлық нормалар да жоғары деңгейде сақталған. Қолымызға қолғап, маска берді. Кіреберісте антисептиктер тұр. Қоғамдық бақылаушылар саны да осы учаскеде көп сияқты. Қатарымызға үш шетелдік бақылаушы қосылды.