Ж.Асанованың айтуынша, сайлаушылар тізімінде 1 132 232 адам бар. Қазіргі уақытта, сағат 10.45-те 109 мыңнан астам адам дауыс берді.
Бұл ретте түрлі жағдай орын алуда. Оның барлығы шұғыл түрде шешілуде. Негізінде, айтарлықтай заң бұзушылық немесе азаматтардың құқық бұзушылықтары жоқ. Барлық даулы мәселелер сайлау учаскелері шеңберінде шешілуде. Сағат 12.00-ге дейін үйде дауыс беруге өтініш беруге мүмкіндік жасалды. Жалпы Ж.Асанованың айтуынша, жағдай тұрақты. Дауыс беру кезінде сайлау процесіне қатысушылар арасында ұсақ-түйек түсініспеушіліктерсіз жүрмейтіні анық.«Мұның бәрі жұмыс тәртібімен шешіледі. Қазіргі уақытта заңнамаларды өрескел бұзу немесе қандай да бір жағдайлар туралы айта алмаймыз. Өйткені бәрі қалыпты жағдайда жүріп жатыр», – деп атап өтті ол.