«Ақтауда дауыс берушілер белсенді» − Айда Ертілеуова, бақылаушы

«Ақтауда дауыс берушілер белсенді» − Айда Ертілеуова, бақылаушы

– Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы №65 сайлау учаскесінде таңғы 05:45-тен бастап бақылаушы болып отырмын. Көптен күткен сайлауда Ақтау жұрты белсенділік танытты. Сайлау учаскесіне осы уақытқа дейін 300- ге жуық сайлаушы келіп өз таңдауын жасады. Сайлау пандемия жағдайында өтіп жатқандықтан барлық санитарлық талаптар сақталған. Кіре берісте  сайлаушылардың дене қызуы тексеріледі, бетперде режимі бұзылмауы қадағаланады. Антисептик тұр. Учаскеге бетпердесіз келгендерге бетперде қарастырылған. Сондай-ақ комиссия мүшелері сайлаушылар арасындағы арақашықтық сақталуын қадағалайды. Барлығы да жоғары деңгейде дайындалған. Халықтың да көңіл-күйі көтеріңкі.