Төтенше жағдай дүкендердің бірінде жанған заттың нәтижесінде орын алған.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады. Өрт туралы 14 желтоқсан күні таңғы 06:23-те түседі. Арнайы қызмет келіп жеткенде бірінші қабаттағы «Climber» дүкені жанып жатқан. «Өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кіріскен. Нәтижесінде 06:44-те өрт ауыздықталып, 06:48-де сөндірілді. Өрттің себептері анықталып жатыр. Бұл жұмысқа ТЖД 32 адамы, 8 техникасы жұмылдырылды», – деп жазылған хатта.