Ауғанстанда әуе шабуылынан бір отбасының 18 мүшесі қаза тапты

Ауғанстанда әуе шабуылынан бір отбасының 18 мүшесі қаза тапты

Ауғанстанның Нимроз провинциясында жексенбіге қараған түні әуе шабуылынан кем дегенде 18 адам қаза тапты, - деп хабарлады TOLOnews.

Бұл туралы провинциялық кеңестің басшысы Мохаммед Насыр айтқан. Оның айтуынша, Муназари ауылында бір отбасының 18 мүшесі – сегіз бала, жеті әйел және үш ер адам қаза болған.