Кінәлі адам ауруханада жатыр.
Мешіттің жанында үш адамды қағып өткен мас жүргізуші ауруханада жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылдың 13 желтоқсан күні Пушкин мен Мәметова көшелерінің қиылысында орын алған ірі ЖКО нәтижесінде үш адам зардап шеккен.
- Аталған факт ҚР ҚК 345 бабының 2 бөлімі бойынша Алматы ПД Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай реестріне тіркеліп, Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасымен зерттеліп жатыр. әзірге "Range Rover"көлігің тізгінінде болған 1975 жылы туған К есімді азамат мас күйінде бірінші үш көлікті, кейін тағы үш жаяу жүргіншіні қаққаны белгілі. Қазір ол полиция қызметкерлерінің қадағалауымен ем қабылдап жатыр. Ауруханадан шыққан бойда бұлтартпау шарасы қолданылады», – деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде тиісті сараптамалар тағайындалып, жүргізілетін болады.