БҚО-да кинотеатрлар жұмысына рұқсат берілді

БҚО-да кинотеатрлар жұмысына рұқсат берілді

Батыс Қазақстан облысында бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес бүгіннен бастап кинотеатрларлардың жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Демалыс нысандары санитарлық талаптарды қатаң ескеруі тиіс. Бірақ кинозал иелері қызмет көрсетуге асығар емес. Олардың айтуынша, кинотеатрды тек 20%-ке ғана толтырып жұмыс істеу ешқандай пайда әкелмейді. Тіпті кеткен шығынды да жаппайды. "Кинотеатрларға қойылатын талап –  ең біріншісі, сыйымдылығы 20%-тен аспауы керек және адамдардың әлеуметтік арақашықтығы сақталуы керек. Сосын дезинфекциялық тәртіп сақталып, міндетті түрде маска тағу режимі болуы керек",– дейді Салтанат Ералина, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы. "Еліміздің барлық кинотеатрларына орындардың 30%-ін толтыруға рұқсат берілген, сондықтан олар жұмыстарын жасап жатыр. Біз санитарлық талаптардың бәрін сақтап отырмыз. Тіпті қаулыда талап етілген кварц шамына дейін орнаттық. Сондықтан сыйымдылығы 20% болған жағдайда біз кинотеатрларды ашпаймыз деп шештік",– дейді Диллара Мұхамбетова, кинотеатр директоры.