Жарыс Италияның Сондрио қаласында өтпек
Италияның Сондрио қаласында ХІХ Қысқы Сурдлимпиада ойындарының ашылуы болды. Спортшылар бас алаңмен салтанатты түрде жүріп өтті.
Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы бәсекеге биыл 34 елден 506 спортшы қатысады. Олардың 377-сі ерлер, 129-ы әйелдер. Спортшылар спорттың алты түрінен бақ сынайды: шайбалы хоккей, сноуборд, шаңғымен жүгіру, тау шаңғысы, керлинг, шахмат. Дүбірлі додада Қазақстан атынан 40 спортшы шайбалы хоккей, шаңғымен жүгіру, сноуборд, шахмат секілді спорт түрлерінен сынға түседі. Саңлақтарға сәттілік тілейміз.