Жекпе-жек кеші Мәскеудің "Крылья Советов" спорт кешенінде өткен.
Қазақстандық боксшы Ибрагим Ескендір (6-0, 6 КО) кезекті жеңісіне жетті. 33 жастағы отандасымыздың қарсыласы африкалық Малави Мусса Аджибу (28-14-5, 24 КО) болатын. Тәжірибелі спортшымен жеті раунд жұдырықтасқан Ибрагим оны ақыры нокаутқа түсірді. Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізіп, IBA Asia нұсқасы бойынша чемпиондық белбеудің иегері атанды.
Естеріңізге сала кетейік, Ибрагим Ескендір халыққа әнші ретінде танылған. Оның репертуарындағы патриоттық "Көк тудың желбірегені" әні көптеген спортшылардың ұранына айналды. Әнші-боксшы жекпе-жекке осы әннің сүйемелдеуімен шығып жүр.Назарларыңызға бокс кешінің толық видеонұсқасын салып отырмыз. Отандасымыздың тартысын 5:04:10 уақытынан бастап көре аласыздар.
https://youtu.be/ipcFu3r2OF0