Бұл туралы AstanaTV хабарлады. Биыл оқу жылы басталғалы 4516 бала коронавирусқа шалдыққан. Ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 1000 бала коронавирусқа шалдыққан. Мұны Білім және ғылым министрлігі де растады. Бірақ сыртқаттанған мұғалімдерге қатысты ештеңе айтпады.Ал ата-аналар әлеуметтік желіде «Мектеп оқушылары каникулдан кейін екі апталық карантинге жатқызыла ма?» деген сауалды талқылап жатыр.Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова: «Бұл сұрақ Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кірмейді. Сондықтан бұл статистикаға Денсаулық сақтау министрлігі жауапты», – деді.
Бұл ақпаратты министрлік өкілдері жоққа шығарды.