«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы тағайындалды. Бүгін жаңа қызметке тағайындалған орынбасарын филиал төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды.
- Дауыл Ынтықбайұлын сіздер білесіздер. Жергілікті азамат. Жамбыл ауданынан бастап, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне дейін жетті. Партиялармен, мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс істей біледі. Сіздерден сұрайтыным, бірігіп жұмыс жасаңыздар. Көп нәрсе аппаратқа байланысты,- деп атап өтті аймақ басшысы.Дауыл Бейсенқұловтың екі жоғары білімі бар. Әр жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жалпы, ішкі саясат бөлімдерінің бас маманы, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2011 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен. 2019 жылдың 4 мамырынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарма басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев партия мүшелері алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындады. Ол ең бірінші кезекте халықтың мұң-мұқтажына мән беруі керектігі және партия қатарына кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық саласының қызметкерлерімен толықтыру қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, партия филиалының бұрынғы бірінші орынбасары Балабек Нарбаев денсаулық жағдайына байланысты қызметтен кету туралы өтініш өз еркімен берген.