Табиғаттың мұндай мінезі, әсіресе шопандарға қиын соғуда.
Кеше Талас ауданы Үшарал ауылында 600 бас қойды жайып кеткен 25 қойшының жоғалып кеткені туралы полиция бөліміне хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полицейлер шопанның таңғы сағат 6.00-де отарды жайылымға шығарып, белгіленген уақытта қайтып оралмағанын анықтайды.Шопан кенеттен жауған қалың қар мен тұманның салдарынан адасып, мал қораға жете алмағанын айтқан.Сақшылар 6 автокөлікпен шопанды іздеуге шұғыл аттанып, жайылымнан 45 шақырым жерде оны отармен бірге тапты.
Жамбыл облысының Полиция департаменті малды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ қысқы кезеңде мал қорадан алыс жерлерге отарды жаюға жібермеуге шақыруда.
Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы