Жалған арыз жазған жүргізушіні жауапқа тартты

Жалған арыз жазған жүргізушіні жауапқа тартты

Тұрғын өзінің көлігін бөтен біреу ұрлап кеткенін айтқан. Бұл туралы 24.kz жазды.

Полицейлер көлікті іздестіріп, автокөлікті аулалардың бірінен тапты. Көлік оталып тұрған. Машинада ешкім болмаған. Тексеру нәтижесінде, арызданған тұрғын мас күйінде автокөлігін қайда қойғанын ұмытып қалғаны анықталды. Полицияға жалған арыз жазғаны үшін жүргізушіге 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұған дейін біз биыл көлік бағасы қымбаттағанын жазған болатынбыз.