Бұл туралы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Алмалы аудандық сотында ММА файтері Қуат Хамитовқа қатысты іс қаралып жатыр. Күдікті ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлімімен (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) істі боп жатыр. Бас сот талқылауы 18 қаңтар сағат 14:30-ға белгіленген», – деп хабарлады Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қуат Хамитов әлеуметтік желіде видео жариялаған болатын.