«Бедеулікті емдеймін» – Алматыда алаяқ әйел ұсталды

«Бедеулікті емдеймін» – Алматыда алаяқ әйел ұсталды

Ол баласы жоқ әйелдерге «бедеулікті емдеймін» деп уәде берген.

Бірақ оның бұрын сотталғаны белгілі болды. Н. есімді азаматша 1986 жылы Қытайда туған.

Түрксіб аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлім бастығы Ерлан Аянбаев: «Алматы облысындағы әріптестеріміздің Н. атты азаматшаны алаяқтық жасағаны үшін іздегені анықталды. Белгілі болғандай, жасырынып жүрген күдікті тағы бірнеше заңсыз әрекет жасаған. Өзін медицина мекемесінің қызметкері ретінде таныстырған. Ол азаматтарға «бедеулікті емдеймін» деп уәде беріп, ол үшін алдын ала сыйақы талап еткен. Зардап шеккендермен кездескен кезде өзін «Алтынай» деп таныстырған», – деді.

Қазір күдікті қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінген әйелдің фотосын жариялады. Зардап шеккендер болса 295-54-61; 8 775-718-35-05 және 8 701-758-67-60 телефон нөміріне хабарласуын сұрайды.