Қытайда бес күн ішінде жаңа аурухана тұрғызылды

Қытайда бес күн ішінде жаңа аурухана тұрғызылды

Қытайда бес күннің ішінде Covid-19 жұқтырғандарға арналаған 1 мың 500 бөлмелі жаңа аурухана тұрғызылды. Коронавирус науқастарына арналған кешен Хэбэй провинциясының Наньгун қалалық уезінде салынды. Алдағы аптада тағы осындай 6 мың 500 палаталық 6 емдеу орталығының құрылысы аяқталуы тиіс. Әр бөлменің аумағы 18 шаршы метр. Бір ғана ХэбЭй провинциясында 28 миллион адам тұрады. Олардың барлығы қазір карантинге жабылған.