21 қаңтардан бастап тағы бір қалада карантин талабы күшейтіледі

21 қаңтардан бастап тағы бір қалада карантин талабы күшейтіледі

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 21 қаңтардан бастап карантин талабы қатаңдатылады.

Жаңа қаулыға сәйкес, қала аумағында ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрме, форум, конференция, концерттер, сондай-ақ отбасылық (банкет, үйлену тойы, мерейтой), еске алу, оның ішінде, үйде көп адам жинап, жиын, той өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ жексенбі күні базарлар жұмыс істемейді. Ескерер жайт, сауда үйлерінде орналасқан азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар, сұлулық салондары, химиялық тазарту орындары жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану орындары 9:00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Тапсырыспен тағам жеткізетін орындар сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады. Мекеме қызметкерлерінің кемінде 80%-і қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. ХҚКО-ға Egov.kz, EgovKZBot телеграм бот арқылы кезекті алдын ала брондау арқылы бару керек.

Қаулы биыл 21 қаңтардан бастап заңды күшіне енеді.