Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, жазбаша келісімсіз вакцина салынбайды.
Вакцина салдыру үшін азаматтардың жазбаша келісімі болуы тиіс.«Вакцинаны тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханадан алуға болады. Ауру жұқтыруға бейім топқа жататын азаматтарды вакцина салдыруға учаскелік дәрігерлер шақырады», – дейді ол.
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинациялау 1 ақпаннан басталатынын айтқан болатын.