Матадан тіккен маскалар коронавирустан қорғай ма?

Матадан тіккен маскалар коронавирустан қорғай ма?

Бұл туралы Францияның Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран айтты.

Ол вирустан арнайы медициналық маскалар жақсы қорғайтынына ерекше тоқталды, – деп жазады 24.kz. Францияда барлық қоғамдық орындарда бетперде тағу міндетті.

Франция Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран: «Медициналық маскалардың тиімді екені дәлелденді. Олар адам жұтатын ауаның 90 процентін фильтрлейді. Осылай вирустардың адам ағзасына енуіне жол бермейді. Ал үйде матадан жасалған маскаға сенім жоқ», – дейді.