Кей жерде тұман түсіп, боран соғады.
Қазгидрометтің хабарлауынша 21 желтоқсан күні республика аумағының көп бөлігінде қар жауады. Сондай-ақ ел бойынша кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары көтеріледі деп күтілуде.
Жамбыл облысында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, желдің екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с дейін, облыстың оңтүстік-батысында 30м/с асып түседі..
Түркістан облысында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысында да кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, желдің екпіні түнде 15-20 м/с дейін, күндіз 15-20, кей жерде 25 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында кей жерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні – 15-20 м/с шамасында
Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні түнде 15-20, кей жерде 23-28 м/с дейін, күндіз кей жерде 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады.
Ақмола облысында кей жерде боран соғып, тұман түседі. Желдің екпіні – 15-20, түнде 23 м/с дейін.Алматы облысында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Атырау облысында кей жерде боран соғып, желдің екпіні түнде 17-22 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысында кей жерде боран соғып, көктайғақ болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қостанай облысында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейіп, желдің ұйтқу 23 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысында кей жерде көктайғақ болып, боран соғады, желдің екпіні 15-20, желдің ұйтқуы 23 м/с дейін жетпек.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерде көктайғақ болып, боран соғады, желдің екпіні 15-20 м/с, желдің ұйтқуы 23-28 м/с шамасында болады.
Павлодар облысында кей жерде боран соғып, қатты көктайғақ болады, желд 15-20 м/с дейін күшейіп, кей жерде 23-28 м/с дейін жетеді.