Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

19 қаңтарда Қазақстанға Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 1 915 әуе жолаушының 1 713-інде ПТР анықтама бар. Анықтамасыз 202 адам келді. Атап айтқанда, Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 479 жолаушы, анықтамамен – 1 319, анықтамасыз – 160; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен – 198; анықтамасыз – 1; Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен – 196; анықтамасыз – 41. Шетелден анықтамасыз келгендер ПТР тест тапсырды.

Ал 18 қаңтарда анықтамасыз келген 132 азаматтың біреуінен коронавирус анықталды. Ол «Дубай – Алматы» рейсімен келген.