Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін (электронды ойынхана) ашып, оның қызметін ұйымдастыру арқылы 31,1 млн теңге көлемінде заңсыз табыс тапқаны дәлелденді.
ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңнамасының 6-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан территориясында электронды және интернет ойынхананың қызметіне рұқсат етілмейді. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген тексеру барысында белгілі болғандай, аталған азамат 4 ойын терминалын және 52 компьютерлік техниканы орнату арқылы ұтыс беретін құмар ойындарын, яғни электронды ойынхананың қызметін ұйымдастырып келген. Сот үкімімен ойынхананы ұйымдастырушы азамат ҚР ҚК 307 3-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.