Еліміздегі ең ірі шаһарда осы күнге дейін коронавирус жұқтырған 20 635 жағдай тіркелді. Оның 12 927-і – сиптомды, 7 708-і – симптомсыз.
Инфекция негізінен қоғамдық орындарда жұғуда. 3-19 қаңтар аралығында қоғамдық орындарда (40,1%), отбасындағы КВИ науқаспен байланыс (27,4%), қалалық көлікте (22,8%), жұмыс орнында КВИ науқаспен байланыс кезінде (5,6%), шетелдерден және өзге өңірлерден әкелінген инфекция (2,6%). Инфекция жұқтырудың жағдайлары жас құрылымдары бойынша: 20-39 жастағылар – 34,7%; 40-59 жастағылар – 28,7%; 60 жас және одан үлкен жастағылар – 21,3%. Инфекциялық стационарларда 810 адам емделуде, оның ішінде 20 бала бар, 17 науқастың жағдайы өте ауыр, 147 науқастың жағдайы ауыр, 644-інің жағдайы орташа ауыр, 2 науқастың жағдайы жеңіл. Жазылып шыққандары – 82, ауруханаға түскендері – 112.Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтарға санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.