Бұл туралы Ұлттық банкке хабарлады.
Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті Президенттің былтыр 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес құрылды. Комитет Ұлттық банктің басқармасымен және директорлар кеңесімен қоса жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерден тұратын үшінші орган болады.«Ақша-кредит саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу және Ұлттық банк басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді» делінген Ұлттық банктің мәліметінде.
Ақша-кредит саясатына қатысты шешімдердің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.